Израиль әскерилерімен қақтығыс кезінде 90 палестиналық зардап шекті

609

Израиль армиясының әскери қызметкерлері таңғы намаздан кейін Әл-Ақса мешітіне баса-көктеп кірген.

Израиль әскерилерімен қақтығыс кезінде 90 палестиналық зардап шекті

Шығыс Иерусалимдегі Әл-Ақса мешітінің аумағында Израиль әскери күштерімен арадағы қақтығыс салдарынан зардап шеккен палестиналықтардың саны 90-ға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz палестиналық WAFA ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. 

Агенттіктің мәліметінше, Израиль армиясының әскери қызметкерлері таңғы намаздан кейін Әл-Ақса мешітіне баса-көктеп кіріп, сондағы адамдарға оқ жаудырып, жарық-шу гранаталарын, көзді жасаурататын газы бар гранаталарды қолданған. Палестинадағы Қызыл Жарты Ай қоғамының медициналық бригадалары кем дегенде 67 адамға медицианалық көмек көрсеткені белгілі болды. Кейін зардап шеккендердің саны 90-ға жетіп, олардың 27-сі Иерусалим ауруханаларына жеткізілді.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу