Израиль әуе күштері ХАМАС нысандарына соққы жасады

619

21 мамырда Израиль мен Газа секторы арасында атысты тоқтату режимі күшіне енген еді.

Израиль әуе күштері ХАМАС нысандарына соққы жасады

Израильдің әуе күштері Газа секторындағы ХАМАС қозғалысының бірнеше нысанына соққы жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Шабуыл Газа қаласының маңында және Палестина анклавының оңтүстік-батыс бөлігіндегі Хан-Юнис қаласында орналасқан нысандарға жасалды. Израиль әскері соққылар туралы ақпаратты растады.

Еске сала кетсек, 21 мамырда Израиль мен Газа секторы арасында атысты тоқтату режимі күшіне енген еді.

Қос елдің шекарасындағы жағдай 10 мамырда ушығып кетті. Екі апта ішінде Израильге Газа секторынан 4,3 мыңнан астам зымыран атылды, олардың 640-қа жуығы анклав аумағына құлады. Шабуыл салдарынан Израильдің 12 азаматы қаза тауып, 50-ден астамы ауыр жарақат алды. Израильдің шабуылынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 253-ке жетті, 1,9 мыңнан астам адам түрлі деңгейде жарақат алды.

Шиеленістің өршуіне Израиль сотының Шығыс Иерусалимдегі Шейх Жаррах кварталындағы үйлерден Палестина отбасыларын көшіру туралы шешімі себеп болды. Бұған нараза болған басқа палестиналықтар оларды қолдауға келген болатын. Израиль полициясы Иерусалимдегі әл-Ақса мешітіне келген палестиналықтарды таратып, артынан ХАМАС қозғалысы Израильді Газа секторынан атқылай бастады.

Табиғат Нұрболат

Фото: businessinsider.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу