Израиль авиациясы Сирияның Алеппо әуежайына шабуыл жасады

481

Израиль әскери-әуе күштері Сирияның солтүстігіндегі Алеппо халықаралық әуежайының маңындағы нысанаға соққы берді. 

Израиль авиациясы Сирияның Алеппо әуежайына шабуыл жасады Фото: encrypted-tbn0

Бұл туралы 7 наурызға қараған түні Араб Республикасының теледидары хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Көп ұзамай Сирияның SANA мемлекеттік агенттігі әуе шабуылы әуежайға дәл түскенін, оның істен шыққанын айтты.

SANA-ның әскери дереккөзге сілтеме жасаған хабарламасында әуе шабуылы Жерорта теңізінен, Латакиядан батысқа қарай жасалып, әуежайға үлкен зиян келтіргені айтылған.

Өткен жылы Сирияның екінші ірі шаһарының әуе айлағы бірнеше рет соққыға ұшырады. Сирия шабуылдарды Израиль әскери-әуе күштері жасады деп мәлімдеді.

Бұған дейін Алеппоға "қару-жарақ жеткізетін" ирандық жүк ұшақтарының қонуы туралы хабарламалар болған. Мұндай соңғы рейс 2023 жылдың 16 қаңтарында тіркелді, деп хабарлайды израильдік БАҚ.

Еврей мемлекетінің әскери-саяси басшылығы Сириядағы нысандарға соққы беру туралы ақпаратқа қатысты әдеттегідей пікір білдірген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу