Израиль азаматтарына Сауд Арабиясына кіруге тыйым салынды

788

Ресми Эр-Рияд пен Тель-Авив арасындағы дипломатиялық шиеленіс ушығып кетті.  

Израиль азаматтарына Сауд Арабиясына кіруге тыйым салынды

Бұған Израильдің өз азаматтарына бұл елге тек уақытша сапарлауына рұқсат беруі түрткі болып отыр. Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі болса, израильдіктердің Израиль паспорты бойынша ел территориясына кіре алмайтынын мәлім етті. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлады.

Оның айтуынша, Сауд Арабиясының бұл мәселеге қатысты саясаты өзгеріссөз қалады. Сонымен қатар ол Сауд Арабиясының Израильмен ешқандай ресми қарым-қатынасы жоқ екенін және израильдіктер корольдікке қазірге уақытта кіре алмайтынын жеткізді. Және ол Таяу Шығыстағы араб елдерінің Израильге деген қарым-қатынасы Израиль мен Палестина арасындағы бейбіт келісім күшіне енгеннен кейін өзгеруі мүмкін екенін тілге тиек етті. 

Айта кетейік, бұған дейін Израильдің Ішкі істер министрі израильдіктерге Сауд Арабиясына діни немесе бизнес жүргізу мақсатында небәрі 9 күнге баруына рұқсат берген болатын. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу