Израиль билігі: ХАМАС әлі 161 адамды кепілде ұстап отыр

243

Кепілде отырғандардың 126-сы ер адам, 35-сі әйел көрінеді.

Израиль билігі: ХАМАС әлі 161 адамды кепілде ұстап отыр Фото: SIPA / SCANPIX

ХАМАС әлі 161 адамды кепілде ұстап отыр, оның 146-сы израильдік және 15-і шетелдік азаматтар. Бұл туралы Израиль үкіметінің баспасөз хатшысы Эйлон Леви брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Кепілде отырғандардың 126-сы ер адам, 35-сі әйел көрінеді. Оған қоса төрт бала мен 18-19 жас аралығындағы тағы төрт азамат бар.

Бұған дейін ХАМАС кепілге алған 86 адамды босатқан, оның 66-сы израильдік, 20-сы шетелдік азамат.

Эйлон Левидің айтуынша, тұтқынға алынған екі адам қаза тапқан.

"Үкімет өткен аптада кепілдегі адамдарды босату үшін үзілісті бес күнге созу жөнінде шешім қабылдады. Израиль түрмесінде отырған 50 тұтқынды алмастыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл адамдардың барлығы ауыр қылмыс жасағандар", - деді Леви.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу