Израиль БҰҰ халықаралық сотында палестиналықтарға геноцид жасады деп айыпталды

498

Сонымен қатар Израиль әскери операциясын дереу тоқтату туралы уақытша бұйрық шығару талап етілді.

Израиль БҰҰ халықаралық сотында палестиналықтарға геноцид жасады деп айыпталды Фото: RT

Оңтүстік Африка БҰҰ-ның Халықаралық сотына Израильдің Газа секторындағы әрекеттерін геноцид деп тануды талап етіп арыз берді, деп хабарлайды inbusiness.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.

Оңтүстік Африка Израиль әскери операциясын дереу тоқтату туралы уақытша бұйрық шығаруды талап етті: оны қабылдау үшін бір апта қажет болады, ал тергеу бірнеше жылға созылуы мүмкін.

Израиль өз тарапынан тағылған айыптарды "қанды жала" деп санайды және халықаралық ережелерге сәйкес әрекет ететінін, бейбіт тұрғындарға келтірілген зиянды шектеуге және гуманитарлық көмекті өткізуге барынша тырысатындарын айтып ақталды.

Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Оңтүстік Африканы Тель-Авивке қарсы арызы үшін "қорқақтық танытты" және өтірік айтты деп айыптап, Израиль армиясы әлемдегі ең "моральдық" деп мәлімдеді.

"Геноцид жасауға келген біз емес, ХАМАС. Мүмкін болса, олар бәрімізді өлтірер еді. Екінші жағынан, ЦАХАЛ барынша моральдық түрде әрекет етеді - бейбіт тұрғындарға зиян келтірмеу үшін бәрін жасайды, ал ХАМАС оларды тірі қалқан ретінде пайдаланып, соққы беру үшін бәріне дайын", - деді Нетаньяху.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу