Израиль БҰҰ-ның Палестина аумақтарындағы гуманитарлық үйлестірушісін елден шығармақ

382

Израильді кінәлаған адам БҰҰ-да қызмет ете алмайды және Израильге кіре алмайды. 

Израиль БҰҰ-ның Палестина аумақтарындағы гуманитарлық үйлестірушісін елден шығармақ Фото: pixabay.com

Израильдің Сыртқы істер министрі Эли Коэн БҰҰ-ның Палестина аумағындағы гуманитарлық мәселелер жөніндегі үйлестірушісі Линн Хейстингстің елде тұру ықтиярхатын алып тастайтынын мәлімдеді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты BBC телеарнасының жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды.

"Біз бұдан былай БҰҰ-ның біржақтылығына үнсіз қарап отыра алмаймыз. ХАМАС-ты 1200 израильдікті қатыгездікпен өлтіргені үшін, сәбилер мен қарттарды ұрлағаны үшін, жан түршігерлік қорлау мен зорлау үшін, Газа тұрғындарын тірі қалқан ретінде пайдаланғаны үшін айыптағанның орнына өз азаматтарын қорғайтын демократиялық ел Израильді кінәлаған адам БҰҰ-да қызмет ете алмайды және Израильге кіре алмайды", - деп түсіндірді Израиль Сыртқы істер министрлігінің басшысы Х (бұрынғы твиттер) әлеуметтік желісінде.

Сонымен қатар, канадалық Линн Хейстингс БҰҰ өкілі ретінде Израильді Газа секторындағы әрекеттері үшін үнемі сынға алды және Израильді ХАМАС-пен қатар халықаралық құқықты сақтауға шақырды.

Айта кетейік, Израильдің Хейстингс визасын ұзартпау ниеті туралы БҰҰ-ға хабарлағанын БҰҰ Бас хатшысының баспасөз қызметі журналистерге өткен аптада ескерткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу