Израиль елшісі Тель-Авив – Нұр-Сұлтан / Алматы – Шанхай рейсін ашуды ұсынды

1034

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев пен Израиль мемлекетінің елшісі Лиат Вексельман ханым арасында кездесу өтті.

Израиль елшісі Тель-Авив – Нұр-Сұлтан / Алматы – Шанхай рейсін ашуды ұсынды

Кездесу барысында Қазақстан мен Израиль арасында тікелей әуе рейстерін ашу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

Екі елдің авиациялық билігі арасындағы қолданыстағы келісімдерге сәйкес екі тараптың бекітілген әуе компаниялары Қазақстан мен Израиль арасында 7 тұрақты жолаушылар рейсін және 2 тұрақты жүк рейсін орындауға құқылы.

Қазақстан мен Израиль арасындағы қатынастарды одан әрі дамыту және туристер легін арттыру мақсатында

Лиат Вексельман Қытайдың Hainan Airlines әуе компаниясына Нұр-Сұлтан немесе Алматы әуежайларында елдер арасында тікелей әуе қатынасын құруды ұсынды. Hainan Airlines Тель-Авив пен Шанхай арасында жолаушылар рейсін жүзеге асырады. Бұл Қазақстан мен Израиль арасындағы қатынастарды одан әрі дамыту мен туристер легін арттыру мақсатында көзделіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу