АҚШ шенеуніктерінің айтуынша, бұған жол бермеу үшін Байден әкімшілігі "бар күшін салып жатыр", деп хабарлайды inbusiness.kz Axios сайтына сілтеме жасап.
Газадағы атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткіземіс деп жүргенде,э ливандық содырлар тобымен толыққанды соғыс аймақтық дағдарысты одан әрі ушықтырып, АҚШ-ты қақтығысқа тереңірек тартар еді, деп жазады дереккөз.
Байден әкімшілігі соңғы апталарда Израильді Ливанмен "шектеулі соғыс" идеясынан аулақ болуға шақырумен болды, себебі Иран Ливанға Сирия, Ирак және тіпті Йеменнен содырларды жіберіп, қақтығысқа толыққанды қатысуы әбден мүмкін.
Шенеуніктер АҚШ Израильдің "Хезболламен" соғысуға құлшынысынан немесе өзі қақтығыс қатысушысы болудан сескенетінін айтады.
АҚШ шенеуніктері Байден әкімшілігі Израиль мен "Хезболла" арасындағы әскери қимылдарды мүмкіндігінше тоқтатуға тырысады, сонымен бірге кепілге алынған адамдарды босату үшін Газа секторында атысты тоқтату туралы келісімді қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді дейді.
Ақ үй Газадағы атысты тоқтату Израиль — Ливан шекарасындағы шиеленісті айтарлықтай төмендететін жалғыз жол деп санайды.
Сейсенбі күні кешке АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин өзінің израильдік әріптесі Йоав Галантқа қоңырау шалып, Ливан шекарасындағы жағдайды талқылады, деп хабарлады Пентагон баспасөз хатшысының орынбасары Сабрина Сингх журналистерге.