Дәл сол Хасан Насралланың мұрагері әрі інісін өлтіру мақсатында жұма күні түнде Израиль Бейрутке кезекті соққы жасады.
Бұл туралы Axios порталының журналисі Израиль шенеуніктеріне сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Израильдің Бейрутке соққыларының мақсаты Хасан Насрулланың ізбасары болған "Хезболланың" жоғары дәрежелі жетекшісі Хашим Сафи ад-Дин болды", – делінген хабарламада.
Бұған дейін New York Times газеті Хашим Сафи ад-Дин өзінің ағасы, ұйымның Бас хатшысы Хасан Насралла қайтыс болғаннан кейін "Хезболланың" жаңа жетекшісі бола алады деп жазған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу