Израиль қорғаныс күштері Ливанда шииттік "Хезболла" тобына қарсы шабуыл жасауға дайын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Израиль Ливанмен соғысуға ниетті.
"Біз жақын арада шешім қабылдаймыз. Біз мұнда сегіз айдан бері шабуылдап жатырмыз, ал "Хезболла" осы үшін жеңіліп жатыр", –деді Халеви.
Бас штаб бастығының айтуынша, Израиль әскерлері солтүстікке шабуыл жасауға дайын. Ол осы секторда жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуге жеткілікті түрде дайындалғанын атап өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу