Бұл туралы бейсенбіде Израиль қорғаныс армиясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.
Хабарламаға сәйкес, болашақ қабырғаның негізін қалау рәсімі сәрсенбіде армия басшылығы, Қорғаныс министрлігі сен жергілікті билік өкілдерінің қатысуымен өтті. Ұзындығы 4,6 шақырым болатын қабырға Палестина анклавының шекарасына жақын орналасқан екі автомобиль жолының бойында салынады, деп хабарлады баспасөз қызметі.
Тосқауылдың өзінен басқа, оның құрылыс аймағында жергілікті тұрғындардың қозғалуына ыңғайлы болу үшін велосипед жолдары салынады, деп қосты армия.
Жоба "Қауіпсіз жол" деп аталды. Толық ауқымды құрылыс алдағы айларда басталып, осы жылдың жазында аяқталуы тиіс. Жобаның құны нақтыланбады.
The Times of Israel газеті атап өткендей, бұл дуалдың басты мақсаты - Газа секторына іргелес Израильдің елді мекендері мен жолдарын Палестина радикалдары өршу кезеңінде ұшырған танкке қарсы зымырандардан қорғау.