Израиль Газа секторына барлық тұрақты әскери бригадаларын орналастырды

112

Бұл қадам Израильдің Газадағы әскери іс-қимылдарын күшейткенін білдіреді.

Израиль Газа секторына барлық тұрақты әскери бригадаларын орналастырды Фото: Hatem Khaled/REUTERS

Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Газа секторындағы операция аясында барлық тұрақты жаяу әскер және танк бригадаларын жұмылдырды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бұған дейін Израиль билігі ХАМАС-тың толық қарусыздануына дейін операция жалғасатынын мәлімдеген болатын. Сонымен қатар, тұтқындарды босату мәселесі бойынша нақты келісімге келмегенін де атап өткен.

Газа секторының денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, Израильдің әуе соққыларынан 79 адамның мәйіті ауруханаларға жеткізілген. Бұл сан тек қолжетімді аймақтарды қамтиды, өйткені Газаның солтүстігіндегі бірқатар ауруханалар Израиль армиясының қоршауында қалып, жедел көмекке мұқтаж науқастарды жеткізу мүмкін болмай отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу