Израиль Газа секторына шабуыл жасағанын мәлім етті

1063

Гиват-Зеэв елдімекенінде синагога трибунасы құлап, салдарынан 200-ден жарақат алды.

Израиль Газа секторына шабуыл жасағанын мәлім етті Фото: reuters.com

Израиль әскері Газа секторына әуе шабуылын жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz ЦАХАЛ-дың Twitter-дегі мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта біздің жауынгерлер Газадағы террористік нысандарға соққы беріп жатыр", – деп жазылған Израиль әскерінің хабарламасында.

Израиль мен Палестинаның Газа секторы шекарасындағы жағдай 10 мамырда ушығып кетті. Израиль елді мекендеріне үздіксіз зымыран шабуылдары жасалып жатыр. Соңғы мәлімет бойынша, жеті бейбіт тұрғын мен бір әскери қызметкер қаза тапты. Газа секторынан Израиль территориясына қақтығыс басталғаннан бері шамамен 1750 зымыран атылған.Израиль Газа секторына соққы беріп, палестиналық ХАМАС пен "Ислам жиһады" топтарына шабуыл жасады. Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл шабуылдардан осы күнге дейін шамамен 140 палестиналық қаза тапқан.

Израильдің Гиват-Зеэв елдімекенінде синагога трибунасы құлап, салдарынан  зардап шеккен 200-ден астам ауруханаға жатқызылды. Оқиға еврейлердің Шавуот мерекесін тойлау басталғаннан кейін болды.

 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу