Израиль қорғаныс күштері Газа секторындағы содырлардың 12 әскери нысанына шабуыл жасады. Салдарынан 3 адам қаза болды. Оның бірі 30 жасар анклав тұрғыны, әйел адам және бір жарым жасар сәби. Тағы 5 адам жарақаттанған, деп хабарлайды 24.kz.
Израиль Қорғаныс Күштері баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, бұл әуе шабуылы сәрсенбі күні Израиль аймағына жіберілген зымыран шабуылына жауап ретінде қайтарылған. Радикалдар Израиль аймағына қарай 70 ке жуық зымыранды атқан. Оның 11-інің "Темір Күмбез" жүйесі арқылы көзі жойылған.
Айта кетейік, соңғы 10 жыл бойы Газа Секторы ХАМАС тобының бақылауында келеді. Бұл уақыт аралығында олар Израильмен қарулы қақтығысқа үш рет түсті. Израиль тарапы Египетпен бірге елді экономикалық және әлеуметтік құлдыруға әкелген блока-даны қолдап отыр.