Израиль Газа секторынан кетпейінше бейбітшілік орнамайды – Араб мемлекеттері лигасы

111

Араб мемлекеттері лигасы (АМЛ) мен Ислам ынтымақтастығы ұйымына (ИЫҰ) мүше елдер Израильді Газа секторы, Иордан өзенінің батыс жағалауы, Шығыс Иерусалим мен Голан шыңдарынан шығуға шақырды. 

Израиль Газа секторынан кетпейінше бейбітшілік орнамайды – Араб мемлекеттері лигасы Фото: Anadolu Ajansı

Сауд Арабиясында өткен саммитке қатысушылар 1967 жылғы 4 маусымдағы шекараларды құрметтеудің маңыздылығын атап өтіп, мұндай қадам аймақтағы "әділ әрі сындарлы бейбітшілікке" ықпал етеді деп мәлімдеді. Бұл туралы DW агенттігіне сілтеме жасап inbusiness.kz сайты хабарлайды.

Қорытынды декларация Палестина аумақтарын – Газа секторы мен Батыс жағалауды – астанасы Шығыс Иерусалим болатын бір Палестина мемлекетіне біріктіруді талап етеді. Сонымен қатар, Араб Лигасы мен ИЫҰ елдерінің басшылары халықаралық қауымдастықты Израильге қару-жарақ пен оқ-дәрілер экспорттауға тыйым салуға шақырды.

Саммитті Эр-Рияд Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі аясында ұйымдастырды. Араб мемлекеттері лигасы мен Ислам ынтымақтастығы ұйымына Израиль мемлекетін мойындайтын және оның аймақтық интеграциясынан үзілді-кесілді бас тартатын елдер де кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу