Бұл туралы Палестинаның WAFA агенттігі ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Бүгін (13 қазан) кешкісін Нусейраттың солтүстігіндегі Әл-Муфти аймағында қоныс аударғандар тұратын мектепті артиллериялық қарудан атқылау нәтижесінде 22 адам қаза тауып, 80-ге жуық адам жараланды", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, агенттіктің хабарлауынша, Газа секторының орталық бөлігіндегі Бурейдж лагерінің шығысындағы бір топ азаматтарды Израильдің бомбалауы нәтижесінде екі адам қаза тапты.
Израиль қорғаныс күштері Газа секторындағы Дейр-эль-Балах қаласындағы ауруханаға шабуыл жасады, онда ХАМАС-тың командалық орталығы жұмыс істейді, деп хабарлайды Израиль әскерилері Telegram арнасында.
"Біраз уақыт бұрын Израиль қорғаныс күштерінің барлау қызметі мен ISA (Израиль қауіпсіздік агенттігі) басшылығымен Израиль әуе күштері Дейр-эль-Балах аймағындағы басқару орталығының ішінде әрекет еткен лаңкестерге шабуыл жасады. Бұрын Шуһада әл-Ақса ауруханасы ретінде қызмет еткен ғимаратта орналасқан командалық орталықты Хамас лаңкестері израильдық әскер мен Израиль мемлекетіне қарсы лаңкестік шабуылдарды жоспарлап, жүзеге асыру үшін пайдаланған", – делінген ЦАХАЛ мәлімдемесінде.
Онда "дәл басқарылатын оқ-дәрілерді, әуе бақылауын және қосымша барлауды қолданудан бөлек" бейбіт тұрғындардың өміріне қауіп төндірмес үшін алдын-ала шаралар жүргізілгені айтылды.
Бұл арада Al Mayadeen телеарнасы Израильдің соққысынан өрт шығып, палестиналықтардың 30-дан астам шатырын шарпығанын хабарлады. Біраз адам қаза тапқан, көбі жараланған.
Палестиналық WAFA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әл-Ақса ауруханасының жедел жәрдем бөлмесі өлгендер мен жаралыларға толы.