Израиль Газаға гуманитарлық көмек көрсетпейді

Бұған дейін ХАМАС лаңкестік тобы атысты тоқтату келісімін ұзартудан бас тартқан еді. 

Израиль Газаға гуманитарлық көмек көрсетпейді Фото: UN News

Сол-ақ екен, Израиль армиясы Газа секторына жүктерді өткізуді тоқтатып отыр, деп жазды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап. 

Мұндай хабарламаны Израиль премьер-министрі кеңсесінің X әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунты жариялады. 

– Кепілге алу келісімінің бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін және ХАМАС-тың Израильмен келіссөздерді жалғастыру үшін Виткофф негіздемелік келісімін қабылдаудан бас тартуына байланысты премьер-министр Нетаньяху шешім қабылдады: бүгін таңертеңнен бастап Газа секторына кіретін барлық тауар мен материалдар тоқтатылуы керек. Израиль кепілге алынғандарды босатпайынша, атысты тоқтатуға жол бермейді. Егер ХАМАС одан бас тартуда табандылық танытса, одан әрі зардаптары болады, – делінген мәлімдемеде.

АҚШ президентінің Таяу Шығыстағы өкілі Стив Виткофф Израиль мен ХАМАС лаңкестеріне 29 наурызда аяқталатын мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы мен еврейлердің Құтқарылу мейрамы 12-20 сәуір аралығында атысты тоқтату туралы келісімге келуді ұсынған-ды. Израиль бұл ұсынысқа келісті.

ХАМАС бұған дейін бітімгершілікті ұзарту идеясын бірнеше рет қабылдамады. Сонымен бірге содырлар жүкке қатысты Израильдің шешімін сынға алды. 

– Гуманитарлық көмекті тоқтату туралы шешім – арзан бопсалау, әскери қылмыс және атысты тоқтату туралы келісімге ашық шабуыл, – деп келтіреді Франс Пресс агенттігі.

Лаңкестер атысты тоқтату келісімінің ұзартылуына қарсы, өйткені бұл қаңтардағы бірінші кезең аясында жүзеге асатын еді. ХАМАС екінші кезеңге жылдам өтуді, яғни израильдік кепілге алынғандарды содырларға айырбастауды және Газадан ИСД күштерін шығаруды қалайды.
Осыған дейін ХАМАС Израильді "екінші кезең бойынша келіссөздерді бастауды кейінге қалдырды" деп айыптаған-ды. 

Израиль содан соң Газадағы атысты тоқтату мерзімін ұзартуға келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу