Израиль билігі Газадағы ереуілдерге байланысты аймаққа ондаған танк жіберді, деп хабарлайды 24.kz.
Кеше елдің қорғаныс министрі Авигдор Либерман ХАМАС-тың әрекеттеріне қатаң жауап беруге бағытталған жоспарды жариялаған еді. Ал Израильдің қорғаныс әскері үкіметке басқа жоспар ұсынды. Ол бойынша лаңкестік ұйымдар Израильге шабуыл жасағанда ғана әскерилер аймаққа басып кіруге болады. Ел министрлеріне бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарына тіс жармауға бұйрық берілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу