Израиль Газаның оңтүстігіндегі халыққа қауіпсіз аймаққа көшуді ескертті

340

Террористердің немесе олардың нысаналарының жанындағы кез келген адам өз өміріне қауіп төндіреді.

Израиль Газаның оңтүстігіндегі халыққа қауіпсіз аймаққа көшуді ескертті Фото: AP

Израиль әскерлері түнде Газа секторының оңтүстігіндегі Хан-Юнис аймағына қалалық агломерация тұрғындарын үйлерін тастап, қауіпсіз орынға бассауғалауға шақырған үнпарақтар тараттыдеп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Reuters және Times of Israel басылымдарының хабарлауынша, үндеу парақшаларында Хан-Юнис аймағына кіретін төрт қалашық Бани Шухайл, Хузаа, Абассан және Қарардан халқына пана іздеуі керектігі туралы ескертілген.

Сектордың оңтүстігі босқындарға толмай тұрғанда онда 100 мыңға жуық адам тұрған.

"Қауіпсіздік мақсатында тез арада тұрғылықты жерден эвакуацияланып, белгілі баспаналарға бару қажет. Террористердің немесе олардың нысаналарының жанындағы кез келген адам өз өміріне қауіп төндіреді және террористер пайдаланатын әрбір үй әскери нысанаға айналады", - делінген парақшада.

Израиль әскері жердегі шабуылды бастағанға дейін бірнеше апта бойы Газаның солтүстігіне осыған ұқсас парақшаларды тастаған. Бақылаушылардың пайымдауынша, қазіргі тасталған парақшалар операцияны кеңейте түсуі алдында жасалып жатқан дайындық болуы мүмкін.

Израиль армиясы таратылып жатқан парақшаға қатысты түсінік беруден бас тартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу