Израиль 13 мамырда Газа қаласының солтүстік аудандарын зымыранмен бомбалады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Al Jazeera телеарнасына сілтеме жасап. Ресми дерек бойынша, шабуыл Шейх-Радван ауданына жасалды. Қирап қалған үйдің ішінен екі адам табылған.
10 мамырдан бастап Израиль әскері мен Газа секторындағы палестиналық радикалдар арасындағы қақтығыс басылмай тұр. Бұған Шығыс Иерусалимдегі әл-Ақса мешітіндегі тәртіпсіздіктер себеп болды. Сол кездегі шабуыл салдарынан 700-ден астам палестиналықт зардап шеккен болатын.
Израильдің мәліметінше, осы уақыт ішінде ел аумағына 1,5 мыңнан астам зымыран атылып, алты израильдік қаза тапты. Палестина топтары Израильге Газадан 600-ден астам зымыран ұшырып, Израиль олардың 200-ін қағып түсірді.
Табиғат Нұрболат
Фото: aljazeera.com