Израиль халқы Үкіметтің отставкаға кетуін талап етуде

300

Наразы жұрт қаланың орталық тас жолдарының бірін жабуға тырысты. 

Израиль халқы Үкіметтің отставкаға кетуін талап етуде Фото: BBC

Иерусалимде халық Израиль үкіметінің басшысы Беньямин Нетаньяхудың биліктен кетуін талап етіп жатыр. Сонымен бірге ХАМАС кепілге алған 134 израильдікті босатуға келісім жасауына үндеуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.    

Мыңдаған наразылық білдіруші жексенбінің кешінде қаланың орталық тас жолдарының бірін жабуға тырысты. Полиция оларға водометтермен өткір жағымсыз иісті су шашты. Халық, оның ішінде кепілге алынған адамдардың отбасылары мен достары "соғыс осылай келісімсіз жалғаса берсе, адам өлімі көбейе бермек" дейді.    

Демонстранттардың көбі 2023 жылы 7 қазанда ХАМАС-тың Израильге тұтқиылдан басып кіріп, екі тараптың арасында соғыс отының өршуіне шекараның қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген Премьер-министрді кінәлайды.    

Бұған дейін, 30 наурызда Тель-Авив көшелерінде Беньямин Нетаньяхудың үкіметіне қарсылық болып өткен болатын.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу