Израиль ХАМАС-тың негізгі барлау өкілдерін жойғанын жариялады

763

Бұған дейін ХАМАС-тың "Аль-Кассам бригадасы" деп аталатын әскери бөлімі Израиль аумағына жүздеген зымыран ұшырды.

Израиль ХАМАС-тың негізгі барлау өкілдерін жойғанын жариялады Фото: reuters.com

Израиль қорғаныс армиясы ХАМАС палестиналық исламистік қозғалысының негізгі барлау өкілдерін жойғанын мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 

Ресми дерек бойынша, әуе шабуылының нәтижесінде әскери барлаудың қауіпсіздік бөлімінің басшысы Хассан Каоджи мен оның орынбасары Вали Исса қаза тапты.

Бұған дейін ХАМАС-тың "Аль-Кассам бригадасы" деп аталатын әскери бөлімі Израиль аумағына жүздеген зымыран ұшырды. Олардың мұндай қадамға баруына Тель-Авивтің Палестинадағы биік тұрғын үйлерге оқ жаудыруы себеп болған. ХАМАС өкілдері шабуылдың қарқыны бұдан да жойқын болатынын жариялады.  
Бұдан бөлек Израильді тәртіпсіздіктер шарпыды. Лод қаласының мэрі жергілікті халықтың билікке бағынбай кеткенін айтып, шаһарға әскер енгізуді сұраған. Оның айтуынша, елде азаматтық соғыс басталып кетті.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу