ЦАХАЛ мәлімдемесінде бір күн бұрын Израиль әуе күштерінің жауынгерлері Бейруттың Дахья ауданындағы тұрғын үйдің астында орналасқан "Хезболланың" орталық штаб-пәтеріне соққы бергені айтылған.
Соққы топтың жоғары қолбасшылығы штабта болған кезде жасалды.
Сонымен қатар ЦАХАЛ Сирияның оңтүстігінде ХАМАС инфрақұрылымының басшысы Ахмед Мұхаммед Фахданы да өлтірген.
"Ахмед ЦАХАЛ мен Израиль мемлекетіне қарсы террористік операцияны жүргізуге жауапты болған. Соның ішінде Голан биігінде атыс ұйымдастыру да бар еді. Фахад тағы бір террористік жоспарын жоспарлап жатқанда көзі жойылды. ЦАХАЛ әрі қарай да террористерді жоя береді", – делінген хабарламада.