Израиль, Иран мен Ливанда қанша қазақстандық бар?

391

Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.  

Израиль, Иран мен Ливанда қанша қазақстандық бар? Фото: РБК

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Израиль, Иран мен Ливанда консулдық есепте тұрған азаматтардың тізімі тұрақты негізде өзектендіріліп отырады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Осылайша, бүгінде Израильде консулдық есепте – 120, Иранда – 180, Ливанда – 143 Қазақстан азаматы, оның ішінде дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері бар", – деді ол.

Смадияровтың айтуынша, шетелдегі Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау – сыртқы саяси ведомство үшін басты басымдық.

"Біз отандастарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бар күшімізді саламыз және кез келген жағдайда барлық қолдау көрсетеміз. Өздеріңіз білетіндей, соңғы бірнеше айда Таяу Шығыстағы жағдай айтарлықтай ушығып кетті, осыған байланысты Израиль, Иран мен Ливандағы қазақстандық дипломаттар күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Осы елдердегі Қазақстан азаматтарымен байланыс арналары құрылды, олармен тұрақты байланыс сақталады және белгілі бір елдегі жағдайдың дамуына байланысты қажетті ұсыныстар беріледі. Бірнеше рет елшіліктер әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты елден кету қажеттілігін жариялады", – деді министрліктің ресми өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу