Израиль Иран мен Ливанға тағы шабуыл жасады

165

Бұл туралы Associated Press хабарлады.

Израиль Иран мен Ливанға тағы шабуыл жасады Фото: Mohamed Azakir / Reuters

Израиль Қорғаныс күштері Иран мен Ливанға, оның ішінде Тегеран мен Бейруттегі нысандарға жаңа шабуылдар жасады. Бұл туралы Израиль әскери өкілдеріне сілтеме жасаған Associated Press агенттігі жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

Израиль Қорғаныс күштерінің хабарлауынша, шабуыл нәтижесінде Иранның әуе қорғаныс жүйесі мен зымырандық ұшқыш қондырғыларының басым бөлігі жойылды. Бұған дейін АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет Иранды бомбалау қарқыны жақын арада күшейетінін ескерткен болатын.

Ал жұма күні таңертең Иран Кувейт, Сауд Арабиясы, Бахрейн және Қатардағы нысандарға дрондар мен баллистикалық зымырандармен соққы жасады. Мұнда АҚШ әскери базалары орналасқан.

АҚШ пен Израиль 28 ақпан күні таңертең Иран аумағына шабуыл жасаған болатын. Тегеран Израиль мен Батыс Азиядағы АҚШ-тың одақтастары болып саналатын елдерге қарымта жауап берді. Иран бұл елдердегі америкалық әскери базалар нысанаға алынғанын мәлімдеді.

Иранда шабуыл салдарынан қаза тапқандар саны туралы әртүрлі дерек айтылады. Кувейттегі америкалық әуе базасына жасалған соққыдан 6 америкалық әскери көз жұмған. Израильде 11 адам қаза болғаны хабарланды. Ал Ливандағы опат болғандар саны 10 адамнан 50 адамға дейін екені айтылды. Оман, Ирак, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері және Кувейтте шамамен 10 адам қаза болған.

АҚШ пен Израильдің әскери операциясы барысында Иранның жоғарғы жетекшісі аятолла Әли Хаменеи және Ислам Республикасының бірнеше жоғары лауазымды шенеуніктері көз жұмды. Кейін АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранның жаңа көсемін таңдауға өзі қатыспақ ниеті белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу