Израиль Иранға "кең ауқымды" соққылар толқынын бастады

Парсы шығанағындағы қақтығыстың 25-ші күні Иран астанасы Тегеранда жағдай күрт шиеленісе түсті.  

Израиль Иранға "кең ауқымды" соққылар толқынын бастады Фото: Firas Makdesi / Reuters

Елдің ресми ақпарат көздері Израиль әуе күштері қаланың бірнеше ауданын нысанаға алғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шабуылдар салдарынан Тегеранның әр бөлігінде, әсіресе шығыс аймақтарында, күшті жарылыстар тіркелген.

Бұған дейін Израиль әскері Telegram желісіндегі ресми арналарында Иран аумағындағы мемлекеттік және әскери инфрақұрылымдарға бағытталған ауқымды операцияның басталғанын мәлімдеген еді. Олардың сөзінше, соққылар нақты нысандарға дәл бағытталған.

Al Jazeera тілшілері Тегераннан тікелей эфир барысында бұрын-соңды болмаған жарылыстар толқыны тіркеліп жатқанын жеткізді. Кейбір ауданда әуе қорғаныс жүйелері іске қосылып, аспанда жарқылдар байқалған.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Иран тарапы әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің белсенді жұмыс істеп жатқанын хабарласа да, соққылардың бірқатары нысанаға жеткен болуы мүмкін. Әзірге нақты зардап көлемі мен құрбандар саны ресми түрде жарияланбай отыр. 

Аймақтағы жағдайға байланысты БҰҰ мен бірқатар ел тараптарды сабырға шақырып, жағдайдың толыққанды соғысқа ұласу қаупі бар екенін ескерумен келеді. Әсіресе, Парсы шығанағы мен Таяу Шығыс өңіріндегі тұрақтылыққа төнетін қауіп-қатер күшейе түскен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу