Reuters агенттігінің мәліметінше, соққы Иранның Қом қаласындағы тұрғын үйге жасалған.
Бұл шабуылдар Тегеран мен Тель-Авив арасындағы кезекті қақтығыстар кезінде болыпты.
Саид Изади – Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының сыртқы операцияларына жауапты "Құдс" күштерінің Палестина корпусын басқарған еді.
Израильдің Қорғаныс министрі Исраэль Кацтың айтуынша, генерал Изади ХАМАС ұйымын 2023 жылғы 7 қазанда Израильдің оңтүстігіне жасаған шабуылға дейін қаржыландырып, қаруландырған.
Бұл шабуыл кейінірек Газа секторында ауқымды соғыстың басталуына себеп болған.
Кац бұл операцияны Израильдің әскери барлауы мен ӘӘК-нің "маңызды жетістігі" деп атады.