Израильдің қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Таяу Шығыста Иран қолдайтын топтардың әлсіреуін Иранның ядролық нысандарына соққы беру үшін қолайлы мүмкіндік деп бағалап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ЦАХАЛ өкілдері Израильдің әскери-әуе күштерінің жауынгерлік әзірлігі жоғары деңгейге жеткенін және бұл бағытта дайындық жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.
Кадоштың хабарлауынша, қазіргі дайындықтың басты мақсаты – барлау және жедел күштердің көмегімен елдің саяси басшылығына Иранның ядролық нысандарына соққы беру шешімін қабылдауға толық мүмкіндік беру.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу