Израиль "ислам жихадшыларынан" есе қайтарды

658

Содырлардың командирі Баха Әбу әл-Аттаның көзі жойылды. 

Израиль "ислам жихадшыларынан" есе қайтарды

Кеше Израильдің қорғаныс армиясы Газа секторындағы "ислам жихадшылары" топтасқан аумақтарды бомбаның астына алды.

Jerusalem Post газетінің хабарлауына қарағанда әскерилер "ислам жихадшылары" жаттығу жасайтын базалар мен Израиль аумағына өту үшін қазылған тоннельдерге шабуылдаған.

"Газа секторынан қарсы тарапқа 170-ке жуық зымыран бағытталды.  Террористер бейбіт тұрғындарға оқ ата отырып, солардың артына тығылғысы келеді. Ал біз бейбіт адамдарға мейлінше аз зиян келтіре отырып, шабуыл жасай алатынымызды көрсеттік. Біздің бейбіт азаматтарға оқ атып, оңай бой тасалаймыз деп ойлайтындар қатты қателеседі. Біз шабуылға шабуылмен жауап береміз", – деді Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.

Газа секторы мен Сирияға жасаған шабуылдардан "ислам жихадшыларының" командирі Баха Әбу әл-Атта мен әйелі қайтыс болды. Биньямин Нетаньяху жуықта ғана Израильге қарсы жасалған шабуылдардың артында осы командир тұрғанын мәлімдеп, оны "сағат тілімен бірге сыртылдаған бомба" деп атаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу