Израиль Йемендегі хуситтер шабуылына жауап қайтаруға дайын

Қарсы тарап Қызыл теңіз үстіне түскен снаряд дәл осы елден ұшырылуы мүмкін деп есептейді.

Израиль Йемендегі хуситтер шабуылына жауап қайтаруға дайын Фото: freepik.com

Израиль қорғаныс күштері болашақта Йеменнен хуситтер жасаған зымырандық шабуылдарға жауап беруі мүмкін, деп хабарлайды Inbusiness.kz, аталған елдің қорғаныс күштері баспасөз хатшысы Даниел Хагариге cілтеме жасап.

Израильдік БАҚ Хагаридің сөзінен цитата келтірді.

"Біз тиісті уақыты келгенде жауап береміз", – деді Даниел Хагари.

Сондай-ақ, ол Израиль армиясы Қызыл теңіздегі жуырдағы шабуылды хуситтер жасады деп есептейтінін, сондықтан, зымырандық қайықтарды орналастырғанын хабарлады.

Бір күн бұрын Қызыл теңіздің жағасында орналасқан Эйлатаға ұшқышсыз ұшақтың жақындағанына байланысты әуе шабуылының сиренасы естілгені хабарланған болатын.

Жергілікті БАҚ Қызыл теңіз үстіне снаряд түскенін жарыса жазды. Кейін Израиль әскерилері жағалаудағы Эйлат қаласына жақын жерге түскен снарядты Йеменнен хуситтер ұшыруы мүмкін екенін мәлімдеді.

Олар бірнеше апта бойы "Хуситтер Йеменнен Израильге қарай зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтарды ұшырмақ болды" деп айыптады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу