Израиль кепілдегі тағы екі адамның босатылғанын мәлімдеді

279

Жақын арада ХАМАС кепілдегі екі адамды Қызыл Крест қолына тапсырды.

Израиль кепілдегі тағы екі адамның босатылғанын мәлімдеді Фото: Ura.ru

ЦАХАЛ екі израильдік тұтқынның Қызыл Крест қорғауында екенін және Изриальге қарай бет алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Қызыл Кресттің мәлімдеуінше, израильдік екі тұтқын босатылды және Израиль территориясына қарай беттеп келеді", - делінген ЦАХАЛ таратқан мәліметте.

Израиль БАҚ-ы Қызыл Крест қолына тапсырылған адамдардың есімдерін атады. Олардың мәліметінше, азат етілгендердің бірі 21 жастағы  Миа Шем және 40 жастағы Амит Суссана.

Шем музыка фестивальі кезінде ұрланған, сондай-ақ оның Франция азаматтығы бар.

Ал, 40 жастағы Суссана "Кфар-Азада" заңгер болып жұмыс істейді. 7 қазанда ата-анасына өз үйінде, сөреде жасырынып отырғаны жайлы хабарлама жіберген.

Бірнеше сағаттан кейін тағы бірнеше кепілдегі адамдар босатылады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу