Кепілге алынғандардың денелері Газа секторындағы туннельдерден табылды

221

Өткен аптада израильдік сарбаздар ГФР азаматшасы мен Израиль азаматы Шани Лук пен тағы үш кепілге алынған адамның денесін тапты. 

Кепілге алынғандардың денелері Газа секторындағы туннельдерден табылды Фото: RFI

Кепілге адамдардың денесі Палестина аймағының солтүстік бөлігіндегі Джебалия қаласының астындағы туннельдерден табылды, деп жазады inbusiness.kz.

Израиль сарбаздары әскери операция барысында туннель шахтасы бар күдікті ғимаратты тінтті, деп хабарлады Израиль армиясы.

Түнде жүргізілген операция кезінде сарбаздар туннельге кіріп, қарсы шабуыл жасады. Ұрыс кезінде олар кепілге алынған адамдардың денелерін тауып, оларды сыртқа шығарды. 

Өткен аптада Израиль әскерилері газ секторында Шани Лук, Рон Беньямин, Ицхак Гелерентер мен Амит Бускиланың денесі табылғанын хабарлады. Олар 7 қазанда ХАМАС содырларының Израильге жасаған ауқымды шабуылы кезінде өлтірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу