Израиль қыркүйекте Газа секторына кезекті шабуыл жасауы мүмкін

149

Бұл туралы ВВС хабарлады.  

Израиль қыркүйекте Газа секторына кезекті шабуыл жасауы мүмкін Фото: aa.com.tr

Израильдің жоғары лауазымды әскери өкілінің сәрсенбі күні мәлімдеуінше, Газа қаласына дайындалып жатқан шабуыл Израиль жаңа "гуманитарлық аймақ" құруды жоспарлап отырған миллион палестиналықты ығыстыруы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Израиль ХАМАС-тың негізгі базалары орналасқанын алға тартып, қаланы толық бақылауға алуға дайындалып жатыр.

Израиль Қорғаныс министрлігінің Палестина аумақтарындағы азаматтық істерді қадағалайтын органы COGAT-тың жоғары лауазымды өкілінің сәрсенбі күні мәлімдеуінше, соңғы күндері Газа қаласы орналасқан сектордың солтүстігінен оңтүстікке палестиналықтардың айтарлықтай көшуі байқалды.

Қазірдің өзінде солтүстік аудандардан 70 мыңға жуық адам кеткен. Осы арада халықаралық ұйымдар Газадағы 2 жыл бойы соғыс кезінде бұл аймақ тұрғындарының басым көпшілігі, яғни 2 млн-нан астам адам кем дегенде бір рет көшірілгенін ескертті.

Ал, халықаралық Қызыл Крест ұйымы мәлімдегендей, белсенді соғыс қимылы жағдайында адамдарды көшірудің қауіпсіз жолы жоқ. Осы арада Израиль Газа қаласына шабуыл жасауға дайындалып жатыр. ЦАХАЛ-ға запастағы мыңдаған жауынгер шақырылды. 

Израильдің Газа секторындағы әскери операциясы 2023 жылдың 7 қазанында ХАМАС ұйымдастырған шабуылға жауап ретінде басталған. Ол шабуылда шамамен 1200 адам қаза тапқан, 251 адам тұтқынға алынған.

Сол уақыттан бері Газа денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 63 мыңнан астам палестиналық қаза тапқан. Қазір Газа қаласындағы үйлердің 90%-дан астамы қираған немесе бүлінген, денсаулық сақтау, су және санитарлық жүйелер істен шыққан. Өткен аптада аймақта ашаршылық ресми түрде тіркелді.

Израиль билігі Газа қаласына құрлық әскерін кіргізер алдында тұрғындарды түгелдей эвакуациялау жоспарын қарастырып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу