Израиль қыс мезгілінде соғысқа дайын екендерін мәлімдеді

410

129 мың сарбазға қысқы күртеше берілген.

Израиль қыс мезгілінде соғысқа дайын екендерін мәлімдеді Фото: RFI

Израиль қорғаныс күштері қыста соғысты жалғастыруға дайын және барлық шекаралардағы әскерлерін арнайы қысқы техникамен жабдықтау бойынша ауқымды жұмыстарды бастап кеткені туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Jerusalem Post басылмы жазғандай, Израиль қазірдің өзінде 129 мың сарбазға қысқы күртеше мен жылынуға арналған 369 мың шағын қап берген.  

"Біздің әскерлер басып кірген сәттен бастап материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі ұрыс аймағынан техниканы құтқару, жаралыларды эвакуациялау және адамдардың өмірін сақтап қалу бойынша белсенді шараларды қабылдауда", - дейді Израиль Қарулы күштерінің Оңтүстік қолбасшылығының логистика бөлімінің бастығы полковник Орен Фортал.

Сонымен қатар, ол қарулы күштер түнде жанар-жағармай, оқ-дәрі, шабуылдау құралдары, азық-түлік жеткізіліп, әскерлер орасан зор дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп жатқандарын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу