Израиль Ливан мен Иранға әуеден тағы соққы берді

99

ЦАХАЛ тиісті ақпарат таратты.

Израиль Ливан мен Иранға әуеден тағы соққы берді Фото: abc7chicago.com

Израиль әскери-әуе күштері Иран және Ливанға әуеден жаңа шабуылдар жасады. Бұл туралы сейсенбі күні ЦАХАЛ әлеуметтік желіде хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW-ге сілтеме жасап.

ЦАХАЛ Тегеранда "Иран террористік режимінің инфрақұрылымына" және Бейруттағы "Хезболла" бақылауындағы ғимараттар нысанаға алынғанын мәлімдеген. 

Ливанның NNA мемлекеттік ақпарат агенттігі Бейрут маңындағы үш ауданға соққы жасалғанын растады. Агенттік таратқан ақпаратқа сәйкес, соққылардың бірі тұрғын үйге тиген. Зардап шеккендер саны әзірге белгісіз. Алайда елдің денсаулық сақтау министрлігі бір әйел зардап шеккенін хабарлады. Оның Эфиопия азаматы екені белгілі болды.

17 наурызға қараған түні Тегеран БАӘ, Қатар және Сауд Арабиясы аумақтарына шабуыл жасады. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды. Израиль аумағында екі рет зымыран дабылы қосылған.

Күні кеше Израиль әскери-әуе күштері Ливанның оңтүстігінде Хезболла қозғалысына қарсы "шектеулі құрлық операциясы" басталғанын хабарлаған болатын. Олардың мәлімдеуінше, бұл операция "Израиль солтүстігіндегі халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді". ЦАХАЛ бұған дейін елдің әуе күштері мен артиллериясы аймақтағы террористік нысандарды атқылағанын мәлімдеді. Хезболла қозғалысы Ливанның оңтүстігінде Израиль әскерімен қақтығыстар болғанын растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу