Израиль Ливан жеріне басып кірмек

235

Израиль Ливанға басып кіріп, шекарадан бірнеше шақырым қашықтықта буферлік аймақ құруды жоспарлап отыр. 

Израиль Ливан жеріне басып кірмек Фото: AP

Бұл туралы The Economist әскери дереккөздерге сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жоспарды орындау мақсатында ЦАХАЛ шамамен бір ай бұрын Газада болған екінші дивизияны солтүстікке жібергенін жариялады. Жауынгерлік бөлімдер сенбі күні солтүстіктегі базаларда жаттығуды бастады, бірақ шекараға жақын шоғырланған жерлерде әлі жинала қойған жоқ.

"Жер үсті шабуыл жоспарлары дайын. Алайда оны орындау үшін күшіміз жеткілікті деп айтуға әлі ерте", - деді дайындыққа қатысқан бір запастағы офицер.

Израильдің соңғы қадамдарының артында оның жоғары әскери және саяси эшелондарындағы келіспеушіліктер жатыр, деп атап өтті басылым.

"Кейбіреулер Израиль Хезболла қатарындағы хаосты пайдаланып, аумақты тезірек басып алу керек деген ойда. Қорғаныс министрі Йоав Галантты қоса алғанда, генералдар керісінше "сақтықта қорлық жоқ" дегендей, қазіргі, біртіндеп шабуылдау стратегиясын қолдайды, олар Хезболлаға өз ұстанымын қайта қарауға және шегінуге мүмкіндік береді деп үміттенеді. Премьер-министр Беньямин Нетаньяху Солтүстік тұрғындарын үйлеріне қайтаруға уәде берді", - делінген мақалада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу