Израиль Ливандағы Бофорт қамалын басып алды

155

Бұл қадам құрлықтағы әскери операцияның кеңейгенін көрсетіп отыр.

Израиль Ливандағы Бофорт қамалын басып алды Фото: err.ee

Израиль әскері Ливанның оңтүстігіндегі стратегиялық Бофорт қамалын бақылауға алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл жотадағы Литани өзенінен 2006 жылдан бері әскер өтпеген. Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кац операцияны маңызды тактикалық жетістік деп бағалады. Енді АҚШ-тың қолдауына үміт артып отыр.

Израиль шенеуніктері Ақ үйден Бейрутке соққыны күшейтуге рұқсат сұраған. Айта кетейік, 2 наурыздан бері Ливанда 3300-ден астам адам қаза тапты. Бір миллион жуық тұрғын босқынға айналды.

ВВС-дің хабарлауынша, Израиль тарапы операцияның мақсаты Хезболла позицияларын әлсірету және шекара қауіпсіздігін күшейту екенін айтады. Ливан үкіметі бұл әрекеттерді "ұжымдық жазалау" деп бағалады.

Израиль тарапы бір сарбазының қаза тапқанын да растады. Қазір шекаралық аймақта жағдай шиеленісті күйде қалып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу