– Израиль әскері Ливанның оңтүстігіндегі Айн-эль-Хильва ауданындағы (палестиналық босқындар лагері) ХАМАС ұйымының жаттығу лагерінде жұмыс істейтін радикалдарға соққы берді, – делінген хабарламада.
Баспасөз қызметі шабуылға дейін бейбіт тұрғындарға келтірілетін залалды барынша азайту шараларын қабылданғанын, оның ішінде дәл басқарылатын оқ-дәрілерді қолдану, әуеден бақылау және қосымша барлау мәліметтері жиналғанын атап өтті.
– Израиль қорғаныс күштері Ливандағы ХАМАС жасақтарына қарсы әрекетін жалғастыра береді, – делінген ақпаратта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу