Израиль әскери-әуе күштері Хезболланың ұшыру қондырғылары мен әскери инфрақұрылым нысандарына соққы берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Израиль қорғаныс Армиясына (ЦАХАЛ) сілтеме жасап.
"Біраз уақыт бұрын Израиль әскери-әуе күштері Ливанның оңтүстігіндегі Израиль азаматтарына қауіп төндіретін оннан астам "Хезболла" ұшыру қондырғылары мен әскери инфрақұрылым нысандарына соққы берді", - делінген армия хабарламасында.
Израиль-Ливан шекарасындағы жағдай 2023 жылдың қазан айында Газа секторында Израильдің соғыс қимылдары басталғаннан кейін шиеленісе түсті. Израиль армиясы мен Хезболла күн сайын шекара бойындағы аудандарда бір-бірінің позицияларына оқ жаудырады. Ливан СІМ мәліметтері бойынша, 100 мыңға жуық адам Израильдің атыстарына байланысты Ливанның оңтүстігіндегі үйлерінен кетуге мәжбүр болды. Израиль тарапы 80 мыңға жуық Солтүстік Израиль тұрғындары осындай жағдайға тап болғанын хабарлады.