Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Мароккоға Батыс Сахарадағы оның билігін егемендігін мойындау туралы хат жолдады, деп жазады Inbusiness.kz The Time of Israel газетіне сілтеме жасап.
Бұған дейін корольдік үй Израиль Марокконың даулы аймақты бақылауын мойындайтынын және сол жерде консулдық ашуды қарастыратынын айтқан болатын.
"Израиль Марокко Үкіметінің мәлімдемесінің растайды", - делінген премьер-министр кеңсесінің хабарламасында.
Сонымен бірге Израильдің Сыртқы істер министрі Эли Коэн бұл қадамды құптап, өз мәлімдемесін жасады.
"Мен Премьер-Министр Нетаньяхудың Марокконың Батыс Сахараға қатысты егемендігін мойындау туралы мәлімдемесін құптаймын. Бұл қадам елдер мен халықтар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, сондай-ақ өңірлік бейбітшілік пен тұрақтылықты тереңдету мақсатында ынтымақтастықты жалғастыруға ықпал етеді", - деді ол.