Израиль мектеп бағдарламасынан Палестинаны қолдаған Грета Тунбергтің атын алып тастамақ

1232

Израиль билігіне экобелсендінің Палестина мен Газа секторын ашық қолдағаны ұнамады. 

Израиль мектеп бағдарламасынан Палестинаны қолдаған Грета Тунбергтің атын алып тастамақ Фото: Іnstagram.com/gretathunberg

Израильдің Білім министрлігі Палестина мен Газа секторын қолдаған швед экобелсендісі Грета Тунберг туралы сілтемелерді мектеп бағдарламасынан шығару туралы шешім қабылдады, деп жазады inbusiness.kz www.jpost.com порталына сілтеме жасап.

"Бұл ұстаным оны моральдық және білім беру құндылықтары тұрғысынан үлгі болу құқығынан айырады әрі енді ол Израиль оқушыларына үлгі бола алмайды", - деп хабарлады министрлік.

Осыған дейін Грета Тунберг палестиналықтарды қолдап, Палестина мен Газа секторын қолдау мақсатында акция өткізді. Ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында тиісті пост жариялады.

"Әлем атысты дереу тоқтатуға, әділеттілікке, палестиналықтар мен барлық зардап шеккен бейбіт тұрғындарға бостандық беруге үн қосуы керек", - деп жазды ол.

Осыған дейін Израиль қорғаныс армиясының өкілі (ЦАХАЛ) Газадағы соғысты доғару үшін израильдік шарттарды атаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу