Сейсенбі күні кешке Израильдің ЦАХАЛ қорғаныс армиясы жағалаудағы зымырандық шабуылдарға жауап ретінде Газадағы нысандарға соққы жасады, деп жазады inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Бір күн бұрын Израиль түрмесінде тамақтан бас тартып, ұзақ аштық жариялаған Палестина Ислам жиһады топ мүшелерінің бірі қайтыс болды. Оның өлімі Газа секторынан зымырандар жаудыруға түрткі болды.
Екі тарап арасындағы қақтығыс олан әрі өршуі мүмкін. Израильдің танк пен жаяу әскер бөлімдері шекара бойына орналастырылды.
ЦАХАЛ хабарлауынша, Палестинаның әуе шабуылдарынан Израильдің оңтүстігіндегі Сдерот қаласындағы аудандарға зақым келген.
Палестиналықтар израильдіктерді түрмеде Хадер Аднанға медициналық көмек көрсетпей, қасақана өлтірді деп айыптайды. Аднан Палестина Ислам жиһады тобының жетекшілерінің бірі деп саналды және терроризм актілерін жасады деп айыпталды. Израиль тарапы ол түрмеде аштық жариялап, медициналық көмектен бас тартты деп мәлімдейді.