Хамас пен Израиль соғыспауға келісті

422

Бірақ 4 күнге ғана. Яғни, осы аралықта олар тұтқын алмасады. 

Хамас пен Израиль соғыспауға келісті Фото: freepik.com

Мәміленің басты мәні мынада: ХАМАС кепілге алынған 50 израильдіктерді, соның ішінде – тек бейбіт тұрғындар, әйелдер мен балаларды босатады. Бұған жауап ретінде Израиль тарапы Газа секторында 4 күн ішінде атысты тоқтатуға келіседі. Бұл туралы inbusiness.kz сайты BBC телеарнасының жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар, Катар мемлекеті делдал болған бұл келісім кейбір палестиналық тұтқындарды Израиль түрмелерінен, оның ішінде әйелдер мен кәмелетке толмағандарды, босатуды қарастырды. Келісімнің негізгі шарттарының бірі осы болды. Ресми деректерге сәйкес, 150-ден 300 адамға дейін босатылған. Алайда, кейін жарияланған мәлімдемеде палестиналықтардың Израиль түрмелерінен босатылғаны туралы айтылмаған.

Сондай-ақ, бітім кезінде Газаға гуманитарлық көмек пен жанар-жағармай тиелген жүк көліктері жіберіледі (300 болатыны хабарланды).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу