Мысыр Сыртқы істер министрлігі 6 қазанда Израиль мен ХАМАС делегацияларының келіссөз өткізетінін мәлімдеді.
DW басылымының хабарлауынша, Мысыр тарапы келіссөздер АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтату жөніндегі бейбіт жоспары аясында өтетінін атап өтті. Бұл келіссөздер тікелей болмайды деп болжануда. Каир мәлімдемесінде: "Бұл – аймақтағы және халықаралық деңгейдегі серпінді жалғастыруға бағытталған қадам", – деп көрсетілді.
Трамп ХАМАС жоспарды қабылдаған сәтте атысты тоқтату күшіне енетінін мәлімдеді. Израиль премьері Биньямин Нетаньяху ХАМАС-ты қарусыздандыруға ниетті екенін айтты.
ХАМАС тұтқындарды қайтаруға және Газаны тәуелсіз органға басқаруға беруге дайын екенін жеткізді, бірақ қарусыздану мәселесіне қатысты үн қатпады.