Израиль мен "Ислам жиһады" арасындағы атысты тоқтату режимі күшіне енді

716

Соңғы мәлімет бойынша, Израиль әскерінің Газа секторына жасаған шабуылы салдарынан 44 палестиналық қаза болды.

Израиль мен "Ислам жиһады" арасындағы атысты тоқтату режимі күшіне енді

Израиль мен палестиналық "Исламдық жиһад" қозғалысы арасындағы Газада атысты тоқтату режимі күшіне енді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Бірақ "Ислам жиһады" Израиль тарапынан жасалған кез-келген шабуылдарға жауап беретінін мәлім етті.
Израильдің қоғамдық дипломатия басқармасының хабарлауынша, режим 23.30-да басталады. Басқарма Египетке алғысын білдіріп, Палестина тарапы режимді бұзса,  Израиль де күш қолданатынын алға тартты.
Изариль әскері "жауынгерлердің, тікұшақтардың және соққы дрондарының қатысуымен жасалған соңғы соққы аяқталды" деп хабарлады.
Еске сала кетсек, 5 тамыздан бері Израиль әскері Газа секторына шабуыл жасады. Соңғы мәлімет бойынша, оның салдарынан 44 палестиналық қаза болды. Оның 15-і бала мен 4-еуі әйел. Шабуылдан 360 адам түрлі деңгейде жарақат алды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу