Израиль мен Палестина атысты тоқтату режимін енгізді

1158

Еврей мемлекеті Египеттің Палестинамен екіжақты атысты тоқтату туралы бастамасын қабылдаған болатын.

Израиль мен Палестина атысты тоқтату режимін енгізді Фото: reuters.com

Израиль мен Газа секторы арасындағы атысты тоқтату режимі 21 мамырда  күшіне енді, деп хабарлайды Inbusiness.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Газа секторының тұрғындары атыстың аяқталғанын тойлады. Жүздеген адам Рамалла көшелеріне шығып, отшашу ұйымдастырған.

Бұған дейін Израиль Египеттің Палестинамен екіжақты атысты тоқтату туралы бастамасын қабылдаған болатын. Үкіметтің баспасөз қызметінің ресми мәлімдемесі бойынша, Израильдің қауіпсіздік жөніндегі министрлер кабинеті бұл шешімді бірауыздан қабылдаған.

Еске сала кетсек, Палестина мен Израиль арасындағы қақтығыстың шиеленісуі Шығыс Иерусалимдегі келіспеушіліктерден басталды. Содан кейін, 10 мамырда Газа секторында орналасқан палестиналық ХАМАС тобы Израильге жаппай оқ жаудырды. Жалпы, осы уақытқа дейін Газа секторынан үш мыңнан астам зымыран атылды. Бұған жауап ретінде Израиль әскері Газа секторына әуе шабуылдарын жасады. Соңғы мәлімет бойынша, қақтығыс басталғаннан бері 12 израильдік мен Газа секторының 260 тұрғыны қаза тапты.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу