Израиль қарулы күштерінің тиісту мәлімдемесі сейсенбі жарияланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Аталмыш соққы шамамен үш апта бұрын Хезболланың Бейруттағы негізгі тірегі ретінде есептелетін Дахия ауданына жасалды.
Израиль әскери-әуе күштері Дахиядағы азаматтық нысандардың астына әдейі салынған Хезболланың негізгі барлау штабына дәл соққы берді, деп хабарлады ЦАХАЛ.
Шабуыл кезінде штаб-пәтерде Хезболланың 25-тен астам жауынгері болған, оның ішінде Сириядағы қозғалыстың барлау штабында әуе ақпаратын жинауға жауапты Билал Саеб Айш бар, деп қосты ЦАХАЛ.
"Нью-Йорк Таймс" бұдан бұрын үш Израиль шенеунігіне сілтеме жасай отырып, "Хезболла" ұйымының бас хатшысы Сафи ад-Диннің Бейруттің оңтүстік шетіндегі Дахиядағы жерасты бункерінде өткен қозғалыс басшылығының отырысына қатысқанын жазған.