Израиль өз азаматтарын Мысыр мен Иорданиядан шұғыл кетуге шақырды

1987

Бұған жергілікті халық толқулары себеп, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты РИА агенттігіне сілтеме жасап.

Израиль өз азаматтарын Мысыр мен Иорданиядан шұғыл кетуге шақырды Фото: sputnikglobe.com

Бүгін АҚШ Президенті Джо Байден уәде еткендей гуманитарлық көмек тиелген 20 жүк көлігі Рафах кеденінен кіргізіле бастады. Алда тағы 130 жүк көлігі бар.

Оның үстіне Мысыр астанасы Каирде араб елдері жиын өткізіп, Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады. 

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Израиль шабуылынан Газа аумағында қаза тапқандар саны 4385 адамға жетті. Оның 1756-сы – балалар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу