Израиль өз азаматтарына Орталық Азия елдеріне сапар жасаудан бас тартуға кеңес берді

365

Бұл туралы The Times of Israel басылымы хабарлайды. 

Израиль өз азаматтарына Орталық Азия елдеріне сапар жасаудан бас тартуға кеңес берді Фото: pixabay.com

Израиль өз азаматтарына аса қажеттілік болмаса, баруға кеңес бермейтін елдердің тізімін жариялады. Елдер тізіміне Орталық Азия мемлекеттері, соның ішінде Қазақстан да кірді, деп жазады inbusiness.kz сайты The Times of Israel басылымына сілтеме жасап.

Тізімге Африканың кейбір мемлекеттері, Өзбекстан, Түркіменстан және тағы басқа елдер бар.

Израиль Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің мәлімдемесіне сәйкес, ХАМАС бүкіл әлем бойынша израильдіктерге шабуыл жасауы мүмкін болғандықтан, олар өз азаматтарының қауіпсіздігі үшін қорқатынын айтты. Осыған байланысты, олардан бірқатар мемлекеттерге қажетсіз сапарларын кейінге қалдыруды сұрайды.

Сонымен қатар, ұйым барлық елдерге 1-ден 4-ке дейінгі шкала тағайындаған кестені жариялады.

Үшінші деңгейде Орталық Азия, Оңтүстік Африка және Эритрея елдері белгіленген. Бұдан бөлек, Ресей мен Австралия екінші санатқа жатқызылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу